Ссылки доступа

Гүлнара Каримованың қызы Швейцариядан 133 миллион долларды қайтару тоқтағанын хабарлады


2 шілдеде Өзбекстанның тұңғыш президентінің немересі Иман Каримова өзінің Instagram парақшасында анасының жағдайы туралы хабарлады.

Үш беттік хатта Иман Каримова Ташкент облысының №21 әйелдер колониясында отырған анасының жағдайы күннен күнге нашарлап бара жатқанын жазды.

Иман Каримова прокуратура мен колониясы басшысы Гулрух Каримованы анасының жағдайын әдейі қиындатып, оған медициналық көмек көрсетпей отыр деп айыптады.

"Анамның адвокаты мен Швейцария соты анама жағдай жағдай жасалғанына көз жеткізбейінше, анамды қинаған адамдармен байланыс орнатпайды" деп жазды Иман Каримова.

Осылайша Иман Каримова оның анасы Швейцариядағы ақшаны өзбек үкіметіне қайтару жұмыстарына көмектесуді доғарғанын мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG