Ссылки доступа

Екатеринбургте қырғыз диаспорасының жетекшісін атып кетті


Ресейдің Екатеринбург қаласында жергілікті қырғыз диаспорасының жетекшісі Камчыбек Каримовты атып өлтірген. 2 шілдеде түсте белгісіз біреулер оны үйінің маңында атып кеткен.

Ресей ақпарат құралдарының хабарлауынша, Каримовқа екі оқ тиген. Нақты қандай қару қолданылғаны әзірге белгісіз. Куәгерлердің айтуынша, Каримовты өлтірген сәтте оның қолында қомақты ақша болған.

Ресей қырғыздары конгресінің мүшесі Матмырза Болотбековтың пікірінше, Каримовты тонау мақсатында өлтірген болуы мүмкін.

"Ол кәсіппен айналысты, сауда жасады. Біз оны ақша үшін өлтірген болуы мүмкін деп болжадық. Бірақ ол қылмыс әлемімен байланыс орнатпаған", - деді Болотбеков.

Полиция тергеу жүргізіп жатыр.

Камчыбек Каримов 2012 жылы Екатеринбургте қырғыз диаспорасына жетекшілік етті. Оның артында әйелі мен үш баласы қалды.

Қырғызстанның Екатеринбургтегі консулдығы істі бақылауға алды.

XS
SM
MD
LG