Ссылки доступа

Дереккөз: Өзбекстан бас прокуратурасында "тазалау" жүріп жатыр


20 маусымда Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев Отабек Муродовты бас прокурор қызметінен алған соң, прокуратурада тағы бірнеше жоғары лауазымды шенеунік жұмыстан шығарылған.

Қазір олардың көбісі қылмыстық істің куәгерлері немесе күдіктілері ретінде тергеліп жатыр. Дереккөз мәліметі бойынша, үйқамақта отырған Отабек Муродовтың адвокатпен кездесуіне кедергі жасалған.

Өзбекстан күш құрылымдарындағы екі түрлі дереккөздің хабарлауынша, бұрынғы бас прокурорға жақын адамдардың барлығы жұмыстан шығарылған. Олардың он шақтысы тергеліп жатыр.

Дереккөз мәліметі бойынша, облыс прокурорларының шамамен 70 пайызы жұмыстан шығуға арыз берген. Олардың арыздары қабылданған. Бас прокуратура бұл ақпаратты әзірге растамады.

Еске салайық, Өзбекстан бас прокуратурасында "тазарту" жұмыстары бұрынғы бас прокурорлар Рашид Кадыров пен Ихтиёр Абдуллаев ұсталғаннан соң басталған. Оларға қызмет бабын асыра пайдаланды, пара алды деген айыптар тағылған.

2018 жылы 31 қаңтарда Отабек Муродов бас прокурор қызметіне тағайындалған. Қазір ол үйқамақта отыр.

XS
SM
MD
LG