Ссылки доступа

"Газпром" Түркіменстаннан газ алуға бес жылға келісімге отырды


Ресейдің мемлекеттік "Газпром" энергетика гигантының хабарлауынша, Түркіменстаннан газды 2024 жылға дейін импорттауға түркімен мемлекеттік "Түркіменгаз" компанясымен келісім жасалды.

"Газпромның" хабарлауынша, жылына Түркіменстаннан 5,5 миллиард текше метр газ алынады.

Бұның алдында аталған екі мемлекеттік компания маусымның аяғына дейін 1,2 миллиард текше метр түркімен газын шетелге шығару туралы келісімге отырған еді.

Ресей бірнеше жыл бұрын түркімен газын импорттау бойынша бірінші орында болған, бірақ осы онжылдықта оның орнын Қытай басты.

2015 жылы "Газпром" түркімен газының имортын 10 миллиард текше метрден төрт млрд текше метрге дейін түсіретінін хабарлаған. 2016 жылдың басында компания бағаға келісе алмауына байланысты түркімен газын импорттауды тоқтатты.

Түркіменстан экономикасы көмірсутек экспортына қатты тәуелді.

XS
SM
MD
LG