Ссылки доступа

Виргин аралдары офшорлар туралы ақпарат алу шарттарын атады


Британияның Виргин аралдарының премьер-министрі Эндрю Фахи Bloomberg телеарнасына ел аумағында тіркелген офшорлар туралы ақпаратты жария ету шарттарын атады.

Ол бұл мәліметті әлемнің басқа да елдері ашқан жағдайда ғана жариялай алатынын айтты. "Ұлыбритания талабы емес, әлемдік стандартқа айналғанда ғана, біз соған бағынамыз", - деді Фахи.

Жергілікті биліктің фирмалар қожайындарын есепке алатын жүйесі бар, бірақ оны санаулы адам ғана көре алады.

2018 жылы Ұлыбритания парламенті 2020 жылға дейін теңіздегі аумақтар офшор қожайындарының ашық базасын жасау туралы заң қабылдады. Кейін Лондон оның мерзімін 2023 жылға шегерді.

Аралдарда 1,5 трлн доллары бар 400 мыңнан астам компания тіркелген.

XS
SM
MD
LG