Ссылки доступа

Самарқанда 9 жастағы бала ит қапқаннан кейін қайтыс болған


3 шілдеде Самарқанда 9 жастағы бала ит қапқаннан кейін, көз жұмған. Бұл аймақта жануарларға құтыруға қарсы екпе жүріп жатыр.

Ауыл тұрғынының айтуынша, бір ай бұрын 9 жастағы баланы ит тістеп алған, бірақ ата-анасы мән бермеген.

22 маусымда баланың қызуы көтеріліп, дәрігерге алып барғанда, иттен жұққан құтыру диагнозын қойған. 3 шілдеде бала көз жұмған.

Самарқанд облыстық жұқпалы аурухана өкілі баланың қанын тексеру үшін Ташкенттегі вирусологиялық ғылыми-зерттеу институтына жіберілгенін, әзірге нәтижесі дайын болмағанын хабарлады.

Самарқанд өңірінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау орталығы тұрғындарға үй жануардарының бәрін мал дәрігеріне көрсетуге кеңес беріп жатыр.

Бүгінгі күнге дейін бала қайтыс болған ауылдың 210 үй жануары тексеруден өтіпті.

XS
SM
MD
LG