Ссылки доступа

Бішкек орталығында соққыға жығылған Нигерия азаматы есін жимастан қайтыс болды


Бішкекте 5 шілдеге қараған түні үш күн бұрын қала орталығында соққыға жығылған Нигерия азаматы қайтыс болды. Бұл туралы марқұмның туыстары әлеуметтік желілер арқылы хабарлады.

Қатты соққы алған шетел азаматы Ұлттық госпитальге жеткізілген. Дәрігерлер оның комада жатқанын хабарлаған.

Милиция ертесіне шетел азаматтын соққыға жыққан күдіктіні ұстады. Ол - 1997 жылы туған, Шу облысының тұрғыны.

Қырғызстан премьер-министрі Мұхаммедкалый Абылгазиев ішкі істер министріне Нигерия азаматын соққыға жыққандарды ұстап, туризм милициясын күшейтуді тапсырған.

XS
SM
MD
LG