Ссылки доступа

АҚШ-тағы сот Пентагонның дуал тұрғызуға қаржы бөлу әрекетіне тағы да жол бермеді


Калифорнияның 9-федералдық округының апелляциялық соты Дональд Трамп әкімшілігінің Мексика шекарасында дуал тұрғызуға қаражатты Пентагонға бөлуге рұқсат бермейтін сот шешімін күшінде қалдырды.

Сот үкімінде Пентагон қаражатын ауыстыруға әскери сипаттағы төтенше жағдайда ғана рұқсат етілетіні айтылған. Атқарушы билік бұдан басқа уақытта өз бетімен бюджет ресурсын пайдалану мақсатын өзгерте алмайды.

Әкімшілікке қарсы дауыс берген екі судьяның бірін кіші Буш, екіншісін - Обама тағайындаған. Олардың пікірінше, әкімшілік сот қаулысына шағым түсіргісі келсе, бұдан жоғарғы сот инстанциясында да жеңіліс табады.

Еске салайық, Трамп қаңтарда шекаралас аймақтарда төтенше жағдай енгізген. Бұның алдында конгресс Мексикамен шекарада дуал тұрғызу жобасын бекітпеді. Соның салдарынан мемлекеттік мекемелердің жарымы 35 күн жұмыс істемей тұрды.

XS
SM
MD
LG