Ссылки доступа

"Ресейде жұмыс жоқ". Тәжікстанға ақша аз аударылады


Тәжік мигранттарына Ресейде жұмыс табу қиындап кетті. Ресейдегі дағдарысқа байланысты биыл мигранттар Тәжікстанға ақша аз аударуы мүмкін.

Ресейдегі мигранттар жолдаған ақша Тәжікстан ішкі жалпы өнімінің 40 пайызын құрайды.

"Жағдай күрт өзгерді, біз күнде жұмыс іздеуге шығамыз. Ауылдастардың көбі жұмыссыз отыр", - деді 33 жастағы Сохибхон Нуров. Ол он жылдан бері Ресейде жұмыс істейді.

Мигранттың айтуынша, өткен жылы ол жазға дейін үйіне 100-200 мың руль ($1600-$3000) жолдаған, ал биыл - 40 мың ($630) ғана жіберген.

Статистикалық мәліметтер бойынша, биыл алғашқы тоқсанда Ресейден Тәжікстанға ақша аударымдары 5,1 пайызға төмендеген.

Түрлі статистикалық мәліметтер бойынша, Тәжікстанның 1 миллионға жуық азаматы Ресейде жүр.

XS
SM
MD
LG