Ссылки доступа

19 жастағы тәжік қызы: мені зорлады, бірақ арызымды қабылдамайды


19 жастағы Варзоб ауданының тұрғыны өзін көршісі зорлағанын, бірақ ешжерге шағымданбау үшін, қорқытқанын айтады. Ал жас жігіт болса, бойжеткеннің таққан айыптары негізсіз деп, "бәрі оның келісімімен болды" дейді.

Варзоб аудандық милиция өкілдері бұл істің әлі тергелмегенін, себебі жігіттің әке-шешесі қызға құда түсіп, ұлына үйлендіруді жоспарлап отырғанын айтты дейді.

Ж.А. есімді бойжеткен бес ай бұрын, ақпан айында үйінде екі жастағы сіңлісімен қалған кезде, ағасы ретінде санап жүрген 23 жастағы Д.С. есімді жігіттің үйіне келгенін баяндайды. "Ол менің тәнімді ұнататынын айтып, жақындай бастады. Мен оған сен менің ағамдайсың, ұят емес пе дедім. Мен қорқып кеттім, бірақ ол мені шап беріп ұстап, зорлады. Ол маған бұл жәйтті ешкімге айтпауымды талап етіп, салдары жаман болады деп қорқытты", - дейді жәбірленуші бойжеткен.

Туыстары мән-жайды қыздың аяғы ауыр болған кезде бір-ақ білген.

Жас жігіт болса қыз жалған айтып отыр деп есептейді. "Мен оны зорламадым. Егер мен оны зорласам, неге қазір ғана шағымданып отыр, арада біраз уақыт өтті. Бәрі екеуміздің келісімімен болды", - дейді жігіт.

Қыздың отбасы құда түсу уақытын күтпей, жергілікті милицияға шағымданды.

XS
SM
MD
LG