Ссылки доступа

Бішкекте Нигерия азаматының өліміне күдіктінің дос қызы куәлік етті


Бішкек ішкі істер басқармасы Нигерия азаматының өліміне қатысты істе күдіктінің дос қызын куәгер ретінде тергеді. 25 жастағы қыз қайғылы оқиға кезінде күдіктімен бейнебайланыс арқылы сөйлесіп тұрған.

Куәгердің айтуынша, күдікті шетел азаматын емес, орталық әмбебап дүкен ғимаратын түсіріп тұрған. Куәгер күдіктінің жанжал шығармағанын айтқан.

Еске салайық, оқиға 2 шілдеде "Айчурек" әмбебап дүкені алдында тіркелді. Нигерияның 34 жастағы азаматы Әли Тижжани Әбубакар өлімінен соң таралған бейнетаспада күдікті мен Әбубакар ерегісіп қалғаны, күдікті ұрған кезде ол тас еденге баспен құлағаны бейнеленген. Нигерия азаматы есін жимастан ауруханада жан тапсырды.

Милиция Шу облысының 22 жастағы тұрғынын күдікті ретінде ұстады. Ол ерегістің күтпеген жерде туғанын, марқұмды танымайтынын айтты. Айыпталушы тергеу абақтысына екі айға қамалды.

XS
SM
MD
LG