Ссылки доступа

Трамп: британ елшісін біз де ұнатпаймыз


Британский посол Ким Даррок
Британский посол Ким Даррок

АҚШ президенті Дональд Трамп Ұлыбританияның Вашингтондағы елшісі Ким Дарроктың жария болған дипломатиялық хаттарына қатысты пікір білдірді.

Лондонға жолданған телеграммаларда елші Трампты "қолынан іс келмейтін" басшы ретінде атаған. Дипломат хаттарын The Daily Mail таблоиды жариялады. Ақ үй аппаратындағы жанжалды елші "пышақтасуға" балаған, бұған қоса "Трамптың саяси карьерасы абыройсыз аяқталуы мүмкін" екенін ескерткен.

Трамп бұл телеграммаларды көрмегенін мәлімдеді. Халықаралық саясатта келіспеушіліктер болып тұрады, қалай дегенмен, британ елшісінің әрекеті еліне абырой әпермейді деді АҚШ президенті. "Біз де оны аса жақсы көрмейміз, мен ол туралы түрлі қызықты мәліметтер айта алам, бірақ қажеті не?" - деді Трамп CNN телеарнасына.

Елші Даррок брекзитті жақтайтын консерваторлармен аса жақын емес. CNN дереккөзінің пайымдауынша, елшінің атына сын келтіретін телеграммаларды оның орнына өз адамын қоюды көздеген топ жариялаған болуы мүмкін.

XS
SM
MD
LG