Ссылки доступа

Ашғабад тұрғындары шіліңгір ыстықта сусыз қалды


7 шілдеде Ашғабад тұрғындары су жүргізілген құбырдың жарылуы салдарынан күні бойы сусыз қалған.

Азаттықтың түркімен қызметі тілшісінің хабарлауынша, құбырды тек кешке қарай жөндеп, су берген. Ал бұл күні түркімен астанасында күн райы 40 градустан жоғары болып тұрды.

Жылдан жылға Ашғабадта суды, жарықты, газды жүйелі түрде сөндіріп тұрады. Бірнеше ай қатарынан жауған нөсер жаңбырдан тұрғын үйлердің жертөлесі де бұзылған.

Елде болып жатқан жағдайға қатысты билік өкілдері ләм-мим демейді.

XS
SM
MD
LG