Ссылки доступа

Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев тергеуге келмеді


Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев ішкі істер министрлігіне тергеуге келмеді. Экс-президент тергеуге шақыртуды заңсыз деп есептейді. Бұл туралы Азаттық радиосының қырғыз қызметіне Атамбаевтың адвокаты Сергей Слесарев хабарлады.

Оның айтуынша, Атамбаевты экс-президент мәртебесінен айыру - заңсыз, өйткені мұндай мәртебе оған 2003 жылғы заң бойынша берілген, ал 27 шілдеде қырғыз парламенті шығарған қаулы 2019 жылдың 15 мамырында редакцияланған нұсқасына сүйенген. Слесаревтің пікірінше, парламент мұндай қаулы қабылдау арқылы Конституцияны бұзды, өйткені онда парламенттің экс-президент мәртебесінен айыру құқығы туралы ештеңе айтылмаған.

Бұның алдында Алмазбек Атамбаевтың Кой-Таш ауылындағы үйіне ішкі істер министрлігінің тергеу қызметінен куәгер ретінде тергеуге шақырту келді. Шақыртуды Атамбаевтың жеке өзіне табыстамаған. Бұл жағдайға қатысты пікір білдіргісі келмеген Атамбаев сауалды адвокаты жолдауын өтінген.

Алмазбек Атамбаевты нақты қандай іс бойынша тергеу шақыртқаны белгісіз. ІІМ бұған қатысты мәлімет бермеді.

XS
SM
MD
LG