Ссылки доступа

БАҚ: Лондондағы Эквадор елшілігі Ассанждың ізіне түскен


Джулиан Ассанж Лондондағы Эквадор елшілігінде болған кезде, оның ізіне түскен. Бұл жөнінде испандық "Эль Паис" газеті редакцияға келген аудио- және видеожазбаларға сүйеніп жариялаған.

Оның қонақтармен әңгімесін Эквадор билігі жалдаған испандық күзет компаниясы жазып алған.

Басылым мәліметінше, Ассанждың ізінен түсу 2012 жылдан бері басталған. UC Global компаниясы оның барлық іс-қимылдарын бақылап отырған. Бұл ақпараттың бәрі эквадорлық шенеуніктерге және күзет қызметінің қожайынына жіберіліп отырған.

Wikileaks негізін қалаушы кейде елшіліктің әйелдерге арналған әжетханасында кездесулер өткізген екен. Бұл мәліметтер де күзет фирмасының есебінде бар.

Лондон соты WikiLeaks негізін қалаушы Джулиан Ассанжды кепілмен босату шартын бұзғаны үшін 50 аптаға қамауға алған. Австралиялық азамат әлі күнге дейін түрмеде отыр. Оны АҚШ-қа экстрадициялау бойынша сот отырысы 2020 жылдың ақпан айында өтеді. Құрама Штаттар оған 17 бірдей айып тағып отыр. Солардың ішінде Ирак және Ауғанстандағы соғыс жайында құпия материалдарды жариялап жібергені де бар.

XS
SM
MD
LG