Ссылки доступа

Таулы Бадахшанда тәжік-қытай оқулары өтеді


Тәжікстандағы Таулы Бадахшан автономиялы облысының Ишкашим ауданында шілденің соңында тәжік-қытай бірлескен оқулары өтеді. Бұл аудан Ауғанстан шекарасына жақын орналасқан.

Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Ориф Нозимзоданың хабарлауынша, оқу-жаттығуларға Тәжікстан Қарулы күштерінің әскери әуе күштері, әуе қорғанысы және құрлық әскері, сонымен бірге Қытай Халықтық азат ету әскерінің арнайы антитеррористік ротасы қатысады.

Ишкашим ауданында орналасқан гарнизонда өтетін жаттығуларда авиация, бронды техника және артиллерия қолданылады. Оқу-жаттығулар жыл сайын өткізіліп тұрады.

Тәжік-қытай бірлескен оқулары 2016 жылы Таулы Бадахшанда өткен. Оған 10 мың жауынгер қатысқан.

Тәжікстанның Қытаймен ортақ шекарасы 500 шақырымға созылып жатыр.

Душанбе және Бейжің Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше. Бұған дейін Қытай терроризммен күресу және аймақ тұрақтылығын сақтау мақсатында антитеррористік коалиция құрылатынын хабарлаған.

XS
SM
MD
LG