Ссылки доступа

Бішкек "Қауіпсіз қаладан" түскен ақшаның жарымын жедел жәрдем көліктеріне жұмсайды


"Қауіпсіз қала" жобасы аясында Бішкек бюджетіне түскен қаржының бір бөлігі жедел жәрдем жұмысын жақсартуға бөлінеді.

Қырғызстан үкіметінің хабарлауынша, премьер-министр Мұхаммедкалый Абылгазиев жол қауіпсіздігі ережелерін бұзғандарға салынған айыппұлды қолдану тәртібін өзгертті.

Қырғыз билігі қаржының 50 пайызын жедел жәрдем автокөліктерін алуға жұмсайды. Бұл мақсатқа нақты қанша ақша бөлінетінін үкімет хабарламады.

Бішкек қаласы Шұғыл медициналық көмек орталығының маманы Егор Борисовтың айтуынша, қазір 12 жаңа жедел жәрдем көлігін сатып алу қажет. Бішкек әкімшілігі алты жедел жәрдем көлігін сатып алуға тендер жариялады.

Оның айтуынша, осындай көліктің ең қарапайымы 2 млн сом ($28,6 мың), ал құрал-жабдықтары бар реанимобиль 200 мың доллар тұрады.

Бішкек қалалық жол қауіпсіздігі басқармасының хабарлауынша, бір айда жол ережесін бұзғандар 18 млн сом (шамамен 260 мың доллар) айыппұл төлеген.

XS
SM
MD
LG