Ссылки доступа

Екатеринбургте жүргізуші болып істейтін жүзден астам қырғыз ереуілге шықты


Ресейдің Екатеринбург қаласында жолаушы автобустарын жүргізетін жүзден астам қырғыз мигранты 9 шілдеде жұмысқа шықпады. Олар жалақыны көтеруді және еңбек құқықтарын қорғауды талап етті.

Жергілікті ақпарат құралдарының мәліметтеріне қарағанда, жұмысқа қырғыз мигранттары ғана шықпаған, ал Өзбекстан мен Тәжікстан мигранттары күнделікті жоспармен жұмыс істеп жатыр.

Қырғызстанның Ресейдегі елшілігінің баспасөз хатшысы Гулбарчын Байымбетованың Азаттық радиосына хабарлауынша, елшілік қырғызстандықтардың талаптарын тыңдауға дайын. Оның айтуынша, Қырғызстанның Екатеринбургтегі консулдығына тиісті тапсырма берілген.

XS
SM
MD
LG