Ссылки доступа

Германия Душанбедегі DAAD ақпарат орталығын жапты


DAAD logo Tajikistan
DAAD logo Tajikistan

Ғылыми қызметкерлер мен студенттермен тәжірибе алмасу ісімен айналысатын Deutscher Akademischer Austauschdienst - (DAAD) неміс қызметі Душанбедегі ақпарат орталығын жапты.

DAAD баспасөз хатшысы Кордула Лукассен әлемнің 57 елінде орналасқан бөлімшелерінің жұмысын тексеруден кейін, осындай қорытындыға келдік деп мәлімдеді.

"Сараптау нәтижесі Орталық Азиядағы өзге де бөлімшелеріміз Тәжікстандағы ақпарат орталығына қарағанда жоғары мәртебеге ие екенін көрсетті. Сол себептен Душанбедегі DAAD орталығын жабуға шешім қабылдадық", - деді Кордулы Лукассен.

DAAD - халықаралық академиялық тәжірибе алмасу жөніндегі германиялық ірі бірлестік. Тәжікстанда DAAD ақпарат орталығы 2004 жылы ашылған. 15 жыл ішінде 700-ге тарта студент пен ғалымдар Германияның жоғары орындарында тәжірибеден өтті.

XS
SM
MD
LG