Суреттен аналардың жаңа туған нәрестесімен еденде жатқанын көруге болады. Сурет 24 маусым күні түсірілген екен.
Аталған перзентханада жұмыс істейтін медбике суреттегі жағдайды растады. Оның сөзінше, орын жетіспегендіктен, аналар мен балаларын еденге жатқызуға тура келген.
"Мұнда жылдың басқа мерзіміне қарағанда жазда адам толып кетеді. Кейде күніне 70-ге дейін әйел келеді. Орындар жетпей жатады. Сол себептен орын жетпеген 7-8 әйелді еденге жатқызамыз", - дейді медбике.
Алайда Мархамат ауданы перзентханасының бас дәрігері Матлюба Темирова бұл ақпаратты теріске шығарды.
"Біздің кешенде жақында ғана жөндеу жұмыстары аяқталды. Палаталар таза әрі жарық. Онда суық және ыстық су бар. Перзентхана 50 адамға есептелген. Қазір мұнда 41 әйел жатыр",- деп мәлімдеді Матлюба Темирова.