Ссылки доступа

Атамбаев өзіне күш қолданылуы мүмкін екендігін мәлімдеді


Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев өзіне қарсы күш қолданылуы мүмкін екендігін жоққа шығармады. Бұл туралы ол журналистермен кездесуде мәлімдеді. Ішкі істер министрлігі оны екінші мәрте тергеуге шақырған.

Атамбаевтың адвокаты Сергей Слесарев қорғауындағы азаматтың тергеуге бармайтындығын, өйткені оның әлі күнге дейін экс-президент мәртебесі бар екенін айтқан. Өйткені Атамбаев парламенттің оны мұндай мәртебеден айыру туралы қаулысын заңсыз деп есептейді.

"Елде ең болмаса бір адам заңсыздыққа қалай қарсы тұру керектігін үлгі ретінде көрсете білуі тиіс. Бұл бассыздықты тоқтату қажет", - деді ол журналистермен кездесуде.

Қырғызстан парламенті биыл 27 маусымда Атамбаевты экс-президент мәртебесінен айыру туралы қаулы шығарды, бұны Бас прокуратура қолдады. Елдің бас прокуроры Откурбек Жамшитовтың мәлімдеуінше, Атамбаев әрекеттерінен кем дегенде бес қылмыс белгісі анықталған.

XS
SM
MD
LG