Ссылки доступа

Тәжікстанда сим-картаны қайта тіркеу ісі шетелдегі еңбек мигранттарына зиянын тигізді


Тәжікстанда сим-карталарды жаңа үлгідегі төлқұжатқа қайта тіркеудің аяқталуына бір жарым ай қалды. Шетелдегі еңбек мигранттары сол үшін ғана елге келе алмайды.

Үкімет қаулысына сәйкес, сим-карталар енді жаңа үлгідегі төлқұжаттарға ғана тіркеледі. 1996 жылғы төлқұжаттары барлар 1 тамызға дейін пластик төлқұжат алмаса, олардың сим-карталары бұғатталады.

Мигранттар жылдар бойы бір сим-карта пайдаланып келгенін айтты. Өйткені Ресейде ID-карта алуға болмайды.

Душанбенің 30 жастағы тұрғыны Джовидон Назаров Тамбов облысында жұмыс істейді. "Мен құрылыста істеймін. Жұмыс беруші маған жұмысты тастап, елге кетуге рұқсат бермейді. Мұндай ақша менде жоқ. Күзде елге келем, бірақ оған дейін менің сим-картам жұмыс істемей қалады", - деп шағымданды ол.

Мигранттар елдегі барлық туыстары білетін телефон нөмірлерін қалдырғысы келеді.

Билік мұндай шешім қабылдамас бұрын, шетелдегі азаматтардың мүддесін де ескеруі тиіс еді деп есептейді сарапшылар. Құзырлы органдар туындаған мұндай келеңсіздікке қаттысты әзірге пікір білдірмеді.

XS
SM
MD
LG