Ссылки доступа

Түркіменстанда сарбаздарға казармаларда душқа түсуге рұқсат етпейді


Түркіменстан қорғаныс министрлігінің казармаларында сарбаздарға душқа түсуге рұқсат етпейді. Азаттық радиосының Ашғабадтағы тілшісінің хабарлауынша, астана орталығында орналасқан казармадағы сарбаздар осындай қолайсыздыққа тап болған.

"Мұндай келеңсіздің шалғайдағы аудандарда емес, қорғаныс блогының дәл орталығында болып жатыр. Капитан Ш. сарбаздарға арналған душтарды жауып тастады. Мұнда 120 сарбаз бар", - деді дереккөз.

Оның айтуынша, сарбаздар бір ай бойы душқа түсе алмай жүр.

"Кейбір сарбаз сасық иіске шағымдана бастады. Кейбіреуі әжетханаға суға түсуге тырысқан, бірақ капитан оларға жекіп тастайды. Ешкім қарсы шыға алмайды", - деді дереккөз.

Азаттық радиосы дереккөзінің хабарлауынша, казарманың әскери шенеуніктері мұндай ерсі әрекеттері үшін жазаланбайды.

Радиосы редакциясы Қорғаныс министрлігінен бұл мәселеге қатысты түсінік беруін сұраған, бірақ ешқандай жауап болмады.

XS
SM
MD
LG