Ссылки доступа

Грекияда алапат дауылдан шетел туристері қаза тапты


Грекияның солтүстік-шығысындағы Халкидики түбегінде болған дауылдан кем дегенде алты шетел турисі қаза тапты, олардың екеуі - Ресей азаматтары. Ер азамат пен оның екі жастағы баласын ағаш басып қалған.

Грек ақпарат құралдарының мәліметтеріне қарағанда, қаза тапқандар арасында Чехия және Румыния туристері бар. Алдын ала мәлімет бойынша, Чехиядан келген отбасының автокөлікке тіркелетін тұрғынжайды дауыл төңкеріп тастаған. Румыниядан келген әйел мен оның сегіз жастағы баласын мейрамхана шатырының бір бөлігі басып қалған.

Дауылдан жүзден астам адам жараланды. Жергілікті билік түбекте төтенше жағдай жариялады.

Грекияда қырық градус ыстықтан соң бұршақ жауып, алапат дауыл тұрды. Осы аптада Испанияның солтүстігінд, Францияның оңтүстігінде, Италияда және Балқан елдерінде дауыл тіркелді.

XS
SM
MD
LG