Ссылки доступа

Тәжікстанның туристік компаниялары "азиялық шенген" идеясын қолдайды (видео)


Орталық Азияның бірқатар елдері "Жібек жолы визасы" (Silk Road Visa) деген Еуропалық одақтың Шенген келісіміне сәйкес ортақ виза идеясын талқылап жатыр.

10 шілдеде Самарқанда ТМД-ның туризм жөніндегі кеңесі өтті. Онда мәлім болғандай, Тәжікстанның туристік компаниялары "азиялық шенгенді" қолдаған.

Жергілікті туристік фирмалардың айтуынша, саяхатшылардың 80 проценті Тәжікстанға барып, сол визамен Орталық Азияның басқа елдеріне баруға болады ма деп сұрайды екен.

Орталық Азия елдерінде шетелдік азаматтар үшін жеке-жеке виза керек. Сол себептен туристер әзірге тек бір елге ғана баруға таңдау жасайды.

Саяхатшылар көбінде Қазақстанға таңдау жасайды екен. 2018 жылы Қазақстанға 8,5 млн турист келсе, Өзбекстанға 5,5 млн турист барған. Ал Тәжікстанға соңғы көрсеткіштен бес есеге аз турист барған.

Туризм саласындағы мамандардың айтуынша, Silk Road Visa жүзеге асса, Тәжікстанға баратын туристер саны екі есеге артатын еді.

Тәжік шенеуніктері де Silk Road Visa аймақтағы әлеуметтік -экономикалық проблемаларды шешуге көмектеседі деп санайды.

XS
SM
MD
LG