Ссылки доступа

Иман Каримова өзбекстандықтарды анасын босату бастамасын қолдауға шақырды


Өзбекстан ішкі істер министрлігі 7-10 шілде аралығында Гүлнара Каримоваға қызы Иманмен түрмеде кездесуге рұқсат берілді деп мәлімдеді.

Бұл уақытта Иман Каримова анасымен кездесуден кейін ел президенті Шавкат Мирзияевқа Instagram арқылы үндеу жолдады.

Онда Иман анасының гипертониялық асқынудан кейін қаны азайып кеткенін жазған. "Қан құрамында пролактин көбейіп кеткен, бұл ми ісігіне алып келеді",- деп, президенттен анасын босатуын сұраған.

Ал өзбек халқынан қолдау көрсетуін өтінген.

XS
SM
MD
LG