Ссылки доступа

Қырғызстанда ет халал-паркі жобасын жүзеге асырады


Қырғызстан ет халал-паркін құру арқылы халал индустриясын дамытуды көздеп отыр. Жобаның техникалық-экономикалық негізін жасау үшін Ислам даму банкі мен Ислам жеке секторды дамыту жөніндегі корпорациясының гранты пайдаланылады.

Осындай келісім биыл сәуір айында қабылданған, енді Экономика министрлігі Жогорку Кенешке оны мақұлдау жобасын енгізді. Құжатқа сәйкес, донорлар 380 мың доллар грант бөледі. Оның 280 мың долларын Ислам даму банкі берсе, қалған 100 мың долларды Ислам жеке секторды дамыту жөніндегі корпорациясы аударады.

Халал-парктың техникалық-экономикалық негіздемесінде ет өндірісін ұйымдастырудың барлық кезеңдері қамтылуы керек.

Экономика министрлігінің мәліметі бойынша, қазір Қырғызстанда ет өндіретін 296 субъект тіркелген, олардың 90 пайызы – шағын кәсіпорындар. Ресми тіркелген 69 мал сою пунктері қазіргі заман талаптарына сай келмейді.

XS
SM
MD
LG