Ссылки доступа

Байден: президент Трамп АҚШ-тың әлемдегі мәртебесіне сызат түсірді


АҚШ-тың бұрынғы вице-президенті Джо Байден президент Дональд Трамптың әлем саясатындағы әрекеттерін түсініксіз әрі қауіпті деп атады. Байден Демократиялық партия атынан президент сайлауына түсуі мүмкін басты үміткерлердің бірі.

Сайлауалды науқан барысында Нью-Йоркте студенттер алдына шыққан Байден президент Трамп Американың әлемдегі мәртебесіне нұқсан келтірді деп мәлімдеді.

Құрама Штаттардың күннің жылынуына қарсы күрес жөніндегі Париж келісімінен, Иранның ядролық бағдарламасына қатысты келісімнен, транс-тынық мұхит сауда келісімінен шығуы, сонымен бірге АҚШ-тың НАТО құрамынан шығуы мүмкін екендігі туралы мәлімдемесі - Трамптың осы әрекеттерін Байден сынады.

Байден президент болған жағдайда, америкалық жауынгерлердің көп бөлігін Ауғанстаннан шығаруға, Сауд Арабиясының Йемендегі әскери әрекеттеріне америкалық қолдауды доғаруға АҚШ-тың НАТО жөніндегі міндеттерін растауға уәде берді. Израиль қауіпсіздігін қамтамасыз ету де үміткердің сыртқы саясатының басым бағыттарының бірі ретінде аталды.

XS
SM
MD
LG