Ссылки доступа

"Боинг 737 MAX" шығару жөніндегі бағдарлама басшысы қызметтен кетеді


"Боинг 737 MAX" ұшақтарын шығару жөніндегі бағдарлама басшысы, Boeing компаниясының вице-президенті Эрик Линдблад қызметтен кетеді. Бұл туралы америкалық БАҚ корпорацияның коммерциялық бөлімінің басшысы Кевин Макалистердің хатына сілтеме жасап хабарлады. Линдбладтың орнына Марк Дженкс келеді.

Линдбладтың қызметтен кетуіне корпорацияның "Боинг 737 MAX" ұшақтарына қатысты туындаған қиыншылықтар себеп болды. Бұл ұшақтардан бүкіл әлем бас тартты. Өйткені жарты жылда тіркелген екі әуе апатынан 300-ден астам адам қаза тапты. Алдын ала мәлімет бойынша, лайнерлердің апатқа ұшырауына оның бағдарламасындағы ақау себеп болған. Корпорация бұл қателікті түзегенін хабарлады.

400-ден аса ұшқыш Boeing корпорациясын сотқа берді. Олар "Боинг 737 MAX" ұшақтарындағы ақауды жасырғаны үшін миллиондаған доллар өтемақы беруді талап етті.

Ұшаққа тыйым салудан компания бір миллиард доллар шығынға батты. Маусым айының басында корпорация "Боинг 737" ұшақтарын сату екі есеге төмендегенін, биыл "Боинг 737 MAX" ұшағы сатылмағанын хабарлаған.

Линдблад Boeing компаниясында 34 жыл жұмыс істеген.

XS
SM
MD
LG