Тәжікстанның төтенше жағдайлар комитетінің хабарлауынша, қаза болған қыз Душанбедегі Фирдауси ауданының 17 жастағы тұрғыны Хадиса Табарова екендігі анықталған.
«Бойжеткен Шерози даңғылындағы көпірден сейсенбі күні кешкі 18.30 шамасында секіріп кеткен»,- дейді мекеменің өкілі.
Хадиса Табарованың өлімі бойынша тергеу басталған.
Тәжікстандағы әйелдер ісі жөніндегі комитеттің мәліметінше, 2018 жылы 236 тәжік әйелі өзіне қол жұмсаған. Көбінде мұндай жағдайға баруына отбасылық жанжал себеп болған.