Ссылки доступа

Мирзияевтің туған жерге сапары қарсаңында бюджет қызметкерлері 45 градус ыстықта көше тазалаған


Өзбекстанның Жизақ облысындағы Заамин ауданында 17 шілдеде ауа температурасы 45 градус ыстық болғанына қарамастан, бюджет қызметкерлерін "Даштабад – Заамин" автожолын тазалауға шығарған. Бұл ақпаратты аудандық әкімшілік қызметкері бастады.

Аудандық медициналық берлестікте еден жуушы болып істейтін әйелдің айтуынша, 17 шілдеде таңертең бірлестік қызметкерлерінің барлығын көше тазалауға мәжбүрлеген. "Жүзге жуық адам болды. Олардың барлығына тазалайтын жер бөліп берді. Біз жабайы шөптерді, көше бойында жиналған топырақты тазаладық", - деді ол.

Заамин аудандық ауруханада санитар болып істейтін бір әйелдің айтуынша, бұл күні ауа температурасы 45 градустан асып түскен. "Асфальттан ыстық ауа көтерілді. Көше тазалаудан бас тартсақ, бізді жұмыстан шығарып жіберер еді", - деп ашуланды аурухана қызметкері.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев Жизақ облысы Заамин ауданында туған.

Заамин аудандық медицналық бірлестіктің бір қызметкері жұмысшылардың мәжбүрлі хашарға (асар) қатысқанын растады. "Облыс басшылығының бұйрығы солай болды. Оған қарсы шыға алмаймыз", - деді ол.

Халықаралық ұйымдар ресми Ташкентті бюджет қызметкерлерін мәжбүрлі түрде жұмыс істеткізгені үшін үнемі сынайды.

XS
SM
MD
LG