Ссылки доступа

Қытайдың ТВЕА компаниясы Айни ауданында алтын өндіретін кәсіпорын құрылысын аяқтап қалды


Иллюстративное фото
Иллюстративное фото

Тәжікстанның Айни ауданында алтын өндіретін жаңа зауыт жақында іске қосылады. Кәсіпорын Қытайдың "ТВЕА Душанбе тау өнеркәсібі" компаниясына тиесілі. Ол "Шығыс Дуоба" және "Жоғарғы Кумарг" кендерін игереді. Бұл туралы Тәжікстан геология бас басқармасы хабарлады.

Алтын өндіру және өңдеу кәсіпорыны "Шығыс Дуоба" және "Жоғарғы Кумарг" кендеріне жақын жерде орналасқан. Оның құрылысы бітуге таяп қалды. Жаңа зауытта жүздеген маман жұмыс істейді.

Хабарларға қарағанда, "Жоғарғы Кумарг" алтын кенін игеру лицензиясын қытай компаниясы өткен жылдың басында алған. Бұның алдында Тәжікстан үкіметі ТВЕА компаниясына "Шығыс Дуоба" кенін игеру құқығын берген.

Қытай компаниясымен жасалған келісімге сәйкес, ТВЕА алтын кендерін "Душанбе-2" ЖЭЦ-іне кеткен шығын өтелмейінше игере береді. Бұл нысанның жалпы құны - 349 млн доллар, оның 17,4 млн долларын ғана тәжік үкіметі бөлген.

ТВЕА есебі бойынша, "Шығыс Дуоба" және "Жоғарғы Кумарг" алтын кендерінде 51,7 тонна алтын бары дәлелденген, 117,16 тонна алтын қоры зерттеліп жатыр.

Еске салайық, Тәжікстанда алтын өндірумен Қытайдың басқа да компаниялары айналысады. Мысалы, Zi jin Mining Group Co., Ltd 2007 жылы "Зарафшон" бірлескен кәсіпорынының 75 пайыз акциясын алды. Мұнда Тәжікстандағы алтынның 70 пайызы өндіріледі. Ал China Nonferrous Gold Limited компаниясы "Пакрут" алтын өндіру кәсіпорынының 100 пайыз акциясына иелік етеді.

2018 жылы Тәжікстанда 6,4 тонна алтын өндірілген.

XS
SM
MD
LG