Ссылки доступа

Zo’r TV Гүлнара Каримованы жақтаған әртістерді эфирден шеттетті


Өзбекстанда 12 шілдеден бастап Zo’rTV жекеменшік телеарнасы әнші Жахонгир Позилжонов пен актриса Халима Ибрагимованы эфирден шеттетті. Бұл екеуі Zo’rTV телеарнасында ойын-сауық шоуын жүргізген.

Телеарна қызметкерінің айтуынша, әншілер Райхон Ганиева мен Зиёда Кобилованың әндері эфирден берілмейтін болды.​

Шоу-бизнес әлеміне жақын дереккөздің хабарлауынша, телеарна жүргізушілерін тұңғыш президенттің үлкен қызы Гүлнара Каримованы әлеуметтік желілерде жақтағаны үшін эфирден алып тастаған.

Өзбекстанда әрістердің қызметін бақылайтын "Өзбекконцерт" мемлекеттік бірлестігінің бір өкілінің айтуынша, бұл уақытша шара болуы мүмкін.

Еске салайық, 24-25 маусымда өзбек шоу-бизнесінің кейбір танымал өкілдері әлеуметтік желіде Гүлнара Каримованы жақтайтын челлендж ұйымдастырған. Олар Каримованың колониядан тезірек босап шығуын сұраған. Бұл акция "Өзбекконцерт" пен Zo'r TV телеарнасы басшыларының ызасын туғызған.

XS
SM
MD
LG