Ссылки доступа

Түркіменстан жүк көліктерін Тәжікстанға әлі өткізбей отыр


Иллюстративное фото
Иллюстративное фото

Түркіменстан жарты жылдан бері авто және теміржол көліктері арқылы тасылатын жүктерді Тәжікстанға өткізбей отыр.

"Азия-Плюс" басылымының хабарлауынша, тәжік билігі жүк тасымалы үшін айналма жолдарды пайдалануға мәжбүр.

"Біз бұл мәселені шешу үшін екі айналма жолды пайдаланамыз", - деді Тәжікстан көлік министрінің орынбасары Сухроб Мирзозода.

​17 шілдеде Душанбеде баспасөз конференциясын өткізген Мирзода Әзірбайжан және Грузия биліктерімен жүк тасымалына қатысты келісім жасалғанын хабарлады.

Оның айтуынша, қазір тәжік жүктерін тасу үшін екі жол пайдаланылып отыр. Біріншісі - Өзбекстаннан қазақтың Ақтау порты арқылы Бакуге шығады. Екінші жол - Өбекстан, Қазақстан, Ресей арқылы Грузия мен Таяу Шығыс елдеріне барады.

Биыл ақпан айының басында Түркіменстан Тәжікстанға арналған жүкті өз аумағы арқылы өткізуге тыйым салды. Ондаған жүк көліктері иран-түркімен шекарасында, ал темір жолдарда 108 жүк вагоны тұрып қалды.

Өткен жылы қыркүйек айында Ашғабад Тәжікстанға арналған жүк түркімен шекарасында қауіпсіздік мақсатында тоқтатылғанын мәлімдеген. Сол кезде Ашғабад жүктердің өтуіне бір айдан соң ғана рұқсат берген.

XS
SM
MD
LG