Ссылки доступа

Қырғызстан қымбат көліктерді заңсыз тасыған жемқорлық схемасын анықтады


Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің жемқорлыққа қарсы қызметі "Унаа" мемлекеттік мекемесінің автокөліктерді заңсыз есепке алуға қатысты жемқорлық схемасын анықтаған. Бұл туралы арнайы қызмет хабарлады.

Жемқорлыққа қарсы қызмет "Унаа" мемлекеттік мекемесіне қатысты қозғалған қылмыстық істер бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, мекеме мүдделі тұлғалармен бірге Қырғызстан аумағына кеден салығынсыз әкелінген автокөліктерді заңсыз есепке алуға қатысты жемқорлық схемасын жасаған.

"Лексус" және "Шевроле" маркалы екі автокөлік тәркіленді, олар заңсыз әкелінген. Бюджетке 2 миллион 608 мың сом (37 мың доллар) шығын келген" делінген арнайы қызмет хабарламасында.

Өткен жылы 21 желтоқсанда үкімет Мемлекеттік тіркеу қызметінде "Унаа" мемлекеттік мекемесін құрды. Сол кезде қырғыз премьер-министрі Мұхаммедкалый Абылгазиев жаңа ұйым жүйедегі жемқорлық пен бюрократияға қатысты сындардан арылуға көмектеседі деп мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG