Ссылки доступа

Ресейде Өзбекстанның 68 азаматы уланып, ауруханаға түсті


Ресейдің Самара облысында "Кошелевский посад" кәсіпорнында жұмыс істейтін 68 өзбек азаматы "белгісіз заттан уланып", ауруханаға түсті деп хабарлады Өзбекстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Кәсіпорын басшылығының мәліметінше, зардап шеккен мигранттардың бәрі еңбек келісіміне сәйкес, заңды жұмыс істейді. Жұмыс беруші олардың емделуіне қаражат бөлінетінін хабарлаған.

Осының алдында Самара облысының тергеу комитеті 16-17 шілдеде 46 өзбек азаматының уланып, ауруханаға түскенін хабарлаған. Мигранттар ауыл шаруашылығы жұмыстарымен айналысып, бір үйді жалдап, тамақты өздері дайындап келген. Олардың қазір неден уланғаны анықталып жатыр.

XS
SM
MD
LG