Ссылки доступа

Қырғызстан мен Тәжікстан президенттері шекараны демаркациялауды тездетуге келісті


Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон 28 шілдеде Қырғызстанға сапарын аяқтап, ұшып кетті. Оны Ыстықкөл әуежайынан қырғыз президенті Сооронбай Жээнбековтің өзі шығарып салды.

Рахмон Қырғызстанға 26 шілдеде келген. Екі ел басшысы Исфарадағы кездесуден кейін, Ыстықкөлге барған.

Үшкүндік кездесудің басты тақырыбы қырғыз-тәжік шекарасын делимитациялау мен демаркациялау болған. Қырғызстан президентінің баспасөз қызметі екі ел басшысы шекараны тездетіп бекітуге келісті деп қысқа ғана ақпарат берді. Ал Тәжікстан басшысының баспасөз қызметі кездесуде әлеуметтік-экономикалық ынтымақтастыққа баса назар аударылды деп атап өтті.

Қырғыз президенті Сооронбай Жээнбеков «шекара аймағында тарихи келіссөз өткіздік» деп Эмомали Рахмонға қолдағаны үшін алғысын жеткізді.

Тәжік-қырғыз шекара аймағында тұратын тұрғындар арасында шешімі таппаған жер үшін жиі дау шығады. Соңғы рет 22 шілдеде Қырғызстанның Ак-Сай ауылы мен Тәжікстанның Ворух анклавындағы тұрғындар арасында қақтығыс болып, 20-ға жуық адам зардап шеккен.

Қырғызстан мен Тәжікстанның ортақ шекарасы 970 шақырымға созылып жатыр, соның 519 шақырымы ғана келісілген.

XS
SM
MD
LG