Ссылки доступа

Душанбеде "мемлекетті сатты" деп айыпталған подполковниктің соты басталды


29 шілдеде Тәжікстан Жоғарғы сотының әскери сот алқасы Шекара әскері бас басқармасының бұрынғы баспасөз хатшысына қатысты істі қарай бастады.

36 жастағы Мұхаммаджон Улугхожаев биыл 10 сәуірде "мемлекетке сатқындық жасау" күдігімен ұсталған. Бұл істің "құпия" белгісі болғандықтан, тергеу ақпарат құралдарына ешқандай мәлімет берген жоқ. Улугхожаевтың өзіне тағылған айыптарға қатысты ұстанымы әзірге белгісіз. Оның туыстары да іске қатысты пікір білдіруден бас тартты.

Айыпталушының әйелі Майрам Улугходжаева Азаттық радиосының тәжік қызметіне сот процесінің 29 шілдеде басталатынын ғана хабарлады. Ол сот істі әділ қарайды деп үміттенеді.

Жоғарғы сот істің дүйсенбі күні қарала бастайтынын растады. Күдіктінің адвокаты тергеу құпиясын ашпауға ант берген.

Істі Бас прокуратураның тергеушілері жүргізген. Дереккөздің хабарлауынша, Улугхожаев шетелдік бір ұйымға құпия мәліметтерді беріп қойған. Істің басқа да жайттары әзірге белгісіз.

XS
SM
MD
LG