Ссылки доступа

Қырғызстан жедел жәрдем көліктеріне 0,5 млн доллар бөледі


Қырғыз үкіметі 35 миллион сомды (шамамен 0,5 млн доллар) жедел жәрдем қызметіне көлік сатып алуға бөледі.

Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол ережесін бұзудан 175 миллион сом түскен. Оның жарымы жолды жөндеуге, пошта қызметіне, әкімшілік айыппұлға қатысты шығындарға кеткен. Қалған 35 миллион сом жедел жәрдем көліктерін сатып алуға жұмсалады.

"Жыл аяғына дейін жол ережелерін бұзудан түскен қаражаттан тағы 70 миллион сом жедел жәрдем көліктерін сатып алуға жұмсалады" делінген хабарламада.

Бішкек қаласының Шұғыл медицина орталығына 12 жедел жәрдем көлігі қажет. Олардың ең қарапайымы 2 миллион сом тұрады. Ал барлық құрал-жабдықтары бар реанимобиль бағасы 200 мың долларға дейін барады.

XS
SM
MD
LG