Ссылки доступа

Мәскеуде сенбідегі наразылық акциясына қатысқандарды соттап жатыр


Задержания в центре Москвы
Задержания в центре Москвы

Мәскеуде қалалық думаға тәуелсіз кандидаттарды кіргізуін талап етіп, наразылық акциясына шыққандарды соттап жатыр. Олардың арасында сенбі күні акция барысында ұсталғандар да, акцияға дейін полицияға түскен тәуелсіз үміткерлер де бар.

"Апологии протеста" ұйымының мәліметі бойынша, оппозиционер Илья Яшинді Щербинск аудандық сотына жеткізген.

"ОВД-Инфо" порталының хабарлауынша, осы аптаның басында Мәскеудегі 22 сотта сот отырыстары өтеді. Бұл соттарға қаладағы шамамен жетпіс полиция бөлімшесіндегі белсенділерді жеткізеді.

Акция барысында полиция мен Ресей ұланы 1373 адамды ұстаған. 150-ден астамы екі тәулік бойы полиция бөлімінде отырған, енді оларды соттайды. Олардың біріне полиция қызметкеріне шабуыл жасады деген айыппен қылмыстық іс қозғалуы мүмкін.

Ұсталғандар арасында акцияға қатыспаған, сол маңда кетіп бара жатқан адамдар да бар. Жетпістен астам адам жараланған.

Еуроодақ және Amnesty International ұйымы Мәскеу орталығында белсенділердің жаппай ұсталуын сынады.

XS
SM
MD
LG