Ссылки доступа

Өзенге ағып кеткен қырғыз сарбазының денесі Өзбекстанда табылды


19 шілдеде Қырғызстанның Ак-Булак өзеніне ағып кеткен қырғыз сарбазының денесін Өзбекстан құтқарушылары судан алып шықты. Марқұмның денесі Қырғызстанға жеткізілген.

Қырғызстан мемлекеттік шекара қызметінің хабарлауынша, іздестіру жұмыстары екі елде он тәулікке дейін созылған. Өзеннің қатты ағысы сарбаз денесін 11 шақырымға азығып әкеткен. Ол 2030 әскери бөлімінде қызмет атқарған. Шекара қызметінің мәліметі бойынша, сарбаз Ак-Булак өзеніне абайсызда құлап кеткен.

Қазір тиісті сараптамалар мен шаралар жүріп жатыр.

XS
SM
MD
LG