Ссылки доступа

Мәскеудегі соттар сенбідегі акциядан соң 40 адамды қамауға алды


Задержания на акции в Москве
Задержания на акции в Москве

Мәскеу орталығында сенбіде өткен наразылық акциясында ұсталғандарға қатысты соттардың алғашқы күні қамауға алу туралы қырық сот шешімі шықты. "Навальный Live" тікелей эфирін жүргізген Владимир Милов отыз күнге қамалды.

Жемқорлықпен күрес қорының директоры Иван Жданов он бес күнге қамалды. Тағы үш белсенді осынша күн әкімшілік жаза алды. Қалғандары үш күннен он үш күнге дейін қамалған. Олардың арасында Мәскеу қалалық думасына тіркеле алмаған кандидаттар Илья Яшин мен Константин Янкаускас та бар. Олар 10 және 7 тәулік әкімшілік жаза алды.

Сейсенбі күні таңертеңгі мәлімет бойынша, Мәскеу соттары 79 адамға жалпы көлемі бір миллион рубльден астам айыппұл салды. Судьялар кем дегенде үш мәрте 150 мың рубль айыппұл тағайындаған. Атап айтқанда, Pussy Riot мүшесі Мария Алёхина осынша айыппұл төлейді.

Мәскеу қалалық сотының мәлімдеуінше, сенбідегі акциядан соң Ресей астанасындағы соттарға екі жүзден астам әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама түскен. Солардың бірінде Ресей ұланы қызметкеріне күш қолданғаны айтылған. Тергеу нұсқасы бойынша, Евгений Коваленко арнайы жасақ сарбазына қоқыс жәшігін лақтырған. Ол кінәсін мойындаған соң, 27 қыркүйекке дейін қамауға алынды.

27 шілдеде Мәскеуде рұқсат етілмеген наразылық акциясы өтті. Наразы топ Мәскеу қалалық думасына сайлауға тәуелсіз кандидаттарды жібермегеніне қарсы шықты. Адам құқықтарын қорғаушылардың мәліметтері бойынша, акция барысында полиция мен Ресей ұланы 1373 адамды ұстады, олардың 200-ден астамы бөлімшелерде екі тәулік отыруға мәжбүр болды. Жетпістен астам адам жараланды.

XS
SM
MD
LG