Ссылки доступа

Трамп Навальныйдың уланғаны туралы ақпаратты зерттеуге уәде берді


Алексей Навальный
Алексей Навальный

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей оппозиционері Алексей Навальныйдың абақтыда улануы мүмкіндігі туралы ақпаратты зерттеуге уәде берді деп хабарлайды ABC News.

Басылым твиттерге америкалық лидерден алған сұқбаттан үзінді жариялады. Онда президенттен "Ресейлік оппозиция лидерін улады деген ақпаратты естідіңіз бе?" деп сұраған. Трамп "Бұл жайында естідім, бірақ шындығын білмеймін, міндетті түрде зерттеймін" деген.

Навальный 28 шілдеде абақтыда жатқан жерінен ауруханаға жеткізілді. Ресми мәлімет бойынша, денесіне есекжем шыққан.

Бірақ Навальныйдың өзі ешқашан аллергиямен ауырмағанын айтады. Ол өзін улады деп есептейді.

Алексей Навальный рұқсат етілмеген шара өткізді деген айыппен 30 тәулікке қамауға алынған.

XS
SM
MD
LG