Ссылки доступа

Трамп Путинге орман өртін сөндіруге көмек қолын созған


Владимир Путин мен Дональд Трамп Осакада кездесуде, 28 маусым, 2019 жыл.
Владимир Путин мен Дональд Трамп Осакада кездесуде, 28 маусым, 2019 жыл.

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесіп, орман өртін сөндіруге көмектесуге ұсыныс білдірген. Бұл жөнінде "РИА Новости" Кремльге сілтеме жасап хабарлайды. Әңгіме Ақ үйдің бастамасымен болған.

Ресей лидері егер қажет болған жағдайда көмегін қабыл аламын деп, Трампқа алғысын жеткізген. Путин бұл ұсынысты екі ел қарым-қатынасына түскен сызаттың қалпына келу бастамасы деп атаған.

Америкалық тарап екі ел президентінің телефон әңгімелері жөнінде әзірге пікір білдірмеді.

Сәрсенбі күні Путин қорғаныс министрлігіне Сібірдегі орман өртін сөндіруге тапсырма берген.

Бірнеше күн бұрын Красноярск өлкесінің губернаторы Александр Усс билік не себептен Сібірдегі орман өртін сөндірмей отырғанын түсіндірген. "Бұл табиғи құбылыс, онымен күресу мүмкін емес, тіптен бұл зиян", – деп мәлімдеген шенеунік.

Красноярск, Иркутск облыстары, Бурятия мен Якутиядағы ормандар өртеніп жатыр. "Сибирь.Реалии" ақпараты бойынша, үш миллион гектар орман өртенген. Өрттің түтіні Поволжья мен Қазақстанға да жетті.

Батыс ақпарат құралы Ресейдегі бұл төтенше оқиғаны адам айтқысыз жағдай деп бағалайды.

XS
SM
MD
LG