Ссылки доступа

Сот "Вечерний Бишкек" газетін бұрынғы қожайыны Александр Кимге қайтарды


Бішкек қалалық соты "Издательский дом «Вечерний Бишкек" фирмасына қатысты шешім шығарды. Бұл туралы Азаттыққа Александр Кимнің адвокаты Сергей Воронцов хабарлады.

Оның айтуынша, сот газетті Александр Кимге қайтару туралы үкім шығарған.

Александр Рябушкин 2014 жылы сотқа шағымданып, 2005 жылы оның бизнестегі үлесін әріптесі Александр Ким тартып алды деп мәлімдеген. 2015 жылы сот өтінішті қабылдап, "Издательский дом "Вечерний Бишкек" фирмасын Александр Рябушкинге берген.

Александр Кимге қылмыстық іс қозғалып, оны алты жылға шартты түрде соттады. Кейін бұл шешім жойылып, Кимді қудалау доғарылды. 2018 жылы қарашада Александр Рябушкин қаржы қылмыстары үшін ұсталған.

XS
SM
MD
LG