Ссылки доступа

Тәжікстанда шенеуніктердің кірісі туралы мәлімет жарияланбайды


Джума Давлатов
Джума Давлатов

Тәжікстан президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет агенттігінің мәлімдеуінше, шенеуніктердің кірісі туралы мәліметті жариялаудың қажеті жоқ. Мемлекет қызметкерлері табыс декларациясын салық комитетіне тапсыруға міндетті.

Агенттік директоры Жума Давлатовтың мәлімдеуінше, тәжік қоғамы мемлекет қызметкерлерінің мүлкі туралы мәліметті жариялауға әлі дайын емес. Журналистер Душанбедегі кеден терминалының бұрынғы басшысы Шахбоз Раджабзоданың кірісі туралы мәлімет неге жарияланбағанын білгісі келген.

"Шахбоз Раджабзоданың мүлкі туралы декларацияны жариялаудың қажеті болмады, өйткені біздің қоғам оған дайын емес", - деп мәлімдеді агенттік басшысы.

Еске салайық, Шахбоз Раджабзоданы мемлекет басшысы Эмомали Рахмон көпшіліктің көзінше сынаған. Сыннан соң Раджабзода қызметтен кетті. Оған қатысты іс қозғалмады.

Тәжікстанда 19 мыңға жуық мемлекет қызметкері бар.

XS
SM
MD
LG