Ссылки доступа

AI Асқаровқа қатысты сот шешімі туралы: адам құқықтарын өрескел бұзу


Қырғызстан билігі адам құқықтарын тағы да аяққа таптады. Amnesty International Әзімжан Асқаровқа қатысты шығарылған сот шешімінен соң осындай мәлімдеме жасады.

"Біз Қырғызстанда тағы да әділетсіздік жеңгенінің куәсі болдық!" - деді ұйымның Шығыс Еуропа және Орталық Азия бойынша директорының орынбасары Денис Кривошеев.

Әзімжан Асқаров Жалал-Абад облысының Базар-Коргон ауданында тұрып, адам құқығын қорғаумен айналысқан. 2010 жылы шілде оқиғасынан соң оны тәртіпсіздік ұйымдастырды, милиция қызметкерін өлтіруге қатысты деген айыптармен ұстады. Соттың барлық инстанциялары оны өмірлік түрме жазасына кесті.

2016 жылы сәуірде БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі комитеті Қырғызстан билігін істі қайта қарауға шақырды. Комитет Әзімжан Асқаровты заңсыз ұстаған, түрмеде оны азаптаған деп есептейді.

30 шілдеде істі қайта қараған сот үкімді өзгеріссіз қалдырды.

XS
SM
MD
LG