Ссылки доступа

Өзбекстан қырғыз кәсіпкерлеріне арналған несиеге 100 миллион доллар бөледі


Өзбекстан Қырғызстанға 100 миллион доллар несие береді. Бұл туралы экономика министрі Санжар Муканбетов мәлімдеді.

Екі елдің президенттері бұл мәселені өткен жылы күзде шешіп қойған.

"Несие Қырғызстан кәсіпкерлеріне беріледі. Біз бұл ақшаны жүн және тері өңдеумен айналысатын кәсіпкерлерді қодау үшін береміз", - деді Муканбетов.

Қырғыз және өзбек үкіметтері екі ел арасындағы сауда айналымын 1 миллиард долларға жеткізуді көздеп отыр. 2018 жылы бұл көрсеткіш 340 миллион доллар болды

1 тамызда Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Арипов Қырғызстанға келді. Ресми кездесулерде Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтің Қырғызстанға сапарына дайындық мәселелері де талқыланған.

XS
SM
MD
LG