"Отандастарымызды шетте қалдырмаймыз", – деді еріктілер.
"Біз содырлар туралы айтып отырған жоқпыз. Олардың мәселесін сот шешсін. Біз әйелдер мен балаларға көмектескіміз келеді", – деді топ мүшесі Кубанычбек Токтосунов.
Ұйым мәліметі бойынша, Сирия мен Иракта қазір Қырғызстанның бірнеше мың азаматы жүр.
"Біз ұшақ жалдауға ақша береміз. Барлық шығынды өтейміз. Оңалдыру орталығын ұйымдастырып, оған дәрігерлер мен психологтарды шақырамыз", – деді Токтосунов.
Қырғыз билігі мұндай ұсынысқа қатысты пікір білдірген жоқ.