Ссылки доступа

Соғды басшысы: "Тәжіктер мен қырғыздардың дос болғаны деструктивті күштерге ұнамайды"


Тәжікстан ешкімге бір қарыс жер бермейді деп мәлімдеді Соғды облысының басшысы Раджаббой Ахмадзода.

"Біз тәжіктер мен қырғыздардың достығын нығайтқымыз келеді. Мұндай достық деструктивті күштерге ұнамайды", - деді ол.

Еске салайық, 22-23 шілдеде шекарадағы Ворух және Аксай тұрғындары қақтығысып қалды. Қару қолданылған жанжалда бір адам қаза тауып, ондаған адам жараланды.

"Мемлекет басшысы басты мақсат - достық екенін мәлімдеді, бірақ біз ешкімге бір қарыс жер бермейміз. Бірақ біздің достығымыздың шырқын бұзғысы келетін деструктивті күштер бар", - деді Соғды облысының басшысы.

Тәжік-қырғыз шекарасы 976 шақырымға созылып жатыр, соның бар болғаны 500 шақырымы демаркацияланған.

XS
SM
MD
LG